КІТАП ТУРАЛЫ

Көркем мінез – иманның тірегі. «Сендердің ең жақсыларың — мінезі жақсы болғандарың» – дейді, әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с). Мұсылмандардың моральдық өлшемдері жоғарылаған сайын, Ислам үмметі соғұрлым кемелдене түседі. Ал егер көркем ахлақ жойылатын болса, бәле-жала белең алады. Бүгінде айналасына мұқият қараған әрбір жан, кісінің иманын әлсіретіп, жүректегі жақсы қасиеттерді жоятын, мінез-құлқын өзгертіп, жан-жағына жамандық уын шашып жүрген түрлі қайғы-қасіретті көріп жүр. Сондықтан адамның жүрегіндегі көркем ахлақты ояту, мұсылманның мінез-құлқын жақсарту және нәпсіні тәрбиелеу үшін осы кітапты жазу қажеттілігі туындады. Кітап барша мұсылман қауымына арналады.