
АВТОР ТУРАЛЫ

Абдулаев Ахмад Магомедұлы
Шейх Абдулаев Ахмад Магомедұлы Дағыстан Республикасының мүфтиі. Нақшбандия және Шазалия тариқаттарының шейхы, Дағыстан мұсылмандарының рухани көсемі.
Шейх Ахмад Афанди 1959 жылы 15 қыркүйекте Дағыстан АКСР, Гумбетов ауданы, Верхнее Инхоауылында дүниеге келген.
Діни қызметі
1991 жылдан бастап шейх Ахмад АфандиҚызылюрт ауданындағы мешіттің имамы болып қызмет атқарды.
1992 жылдан бастап ұстаздық қызметі мен ректор қызметін бірге атқарып, Қызылюрттағы Ислам институтында сабақ бере бастады.
1998 жылы Дағыстан ғұламалар кеңесінде шейх Ахмад Афанди бірауыздан мүфти – Дағыстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы болып сайланды.
2010 жылы Шейх Ахмад Афанди Чиркейлік Шейх Саид Афандиден рухани тәлімгер – ижаза дәрежесін алды.
2013 жылы Дағыстан мүфтиі шейх Ахмад АфандиМұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың қасиетті жәдігерлерін сақтаушы құрметті мәртебесін алды.
2015 жылы шейх Ахмад Афандидің «Тақуалар өнегесі» кітабы жарық көрді. Кітап араб тілінде жазылып, кейін орыс тіліне аударылған.
